Ұлытау облысының 2025 жылғы стандартты (классикалық) шахматтан 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас санаттарындағы ұлдар мен қыздар арасындағы чемпионаты
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 2 700 000 теңге
Чемпионат 2025 ж. 25 қазан мен 1 қараша аралығында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 16а мекенжайында, Жансая Абдумалик шахмат Академиясында өтеді.
Чемпионатқа Ұлытау облысында тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтығы бар келесі жас санаттарындағы спортшылар қатыса алады: – «7 жасқа дейін» – 2018 жылы туған және одан кіші; – «9 жасқа дейін» – 2016–2017 ж. т.; – «11 жасқа дейін» – 2014–2015 ж. т.; – «13 жасқа дейін» – 2012–2013 ж. т.; – «15 жасқа дейін» – 2010–2011 ж. т.; – «17 жасқа дейін» – 2008–2009 ж. т.
Әр жас санатында 225 000 теңге мөлшерінде жүлде қоры белгіленген, ол келесідей бөлінеді: 🥇 1 орын – 100 000 теңге; 🥈 2 орын – 75 000 теңге; 🥉 3 орын – 50 000 теңге.
Чемпионатқа тіркелу https://chessacademy.kz/registration сілтемесі бойынша өткізіледі. Қатысушылар барлық өрістерді мұқият толтырып, қажетті құжаттарды тіркеуге міндетті. Тіркеудің аяқталуы: 2025 ж. 24 қазан, сағат 18:00.