Новости

Ұлытау облысының чемпионаты 2025

Ұлытау облысының 2025 жылғы стандартты (классикалық) шахматтан 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас санаттарындағы ұлдар мен қыздар арасындағы чемпионаты

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 2 700 000 теңге

Чемпионат 2025 ж. 25 қазан мен 1 қараша аралығында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 16а мекенжайында, Жансая Абдумалик шахмат Академиясында өтеді.

ЧЕМПИОНАТ ЕРЕЖЕСІ: https://drive.google.com/file/d/1sB9swxRnTUPZxxmK9keNh9OKoG1nMpbB

Чемпионатқа Ұлытау облысында тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтығы бар келесі жас санаттарындағы спортшылар қатыса алады:
– «7 жасқа дейін» – 2018 жылы туған және одан кіші;
– «9 жасқа дейін» – 2016–2017 ж. т.;
– «11 жасқа дейін» – 2014–2015 ж. т.;
– «13 жасқа дейін» – 2012–2013 ж. т.;
– «15 жасқа дейін» – 2010–2011 ж. т.;
– «17 жасқа дейін» – 2008–2009 ж. т.

Әр жас санатында 225 000 теңге мөлшерінде жүлде қоры белгіленген, ол келесідей бөлінеді:
🥇 1 орын – 100 000 теңге;
🥈 2 орын – 75 000 теңге;
🥉 3 орын – 50 000 теңге.

Чемпионатқа тіркелу https://chessacademy.kz/registration сілтемесі бойынша өткізіледі. Қатысушылар барлық өрістерді мұқият толтырып, қажетті құжаттарды тіркеуге міндетті. Тіркеудің аяқталуы: 2025 ж. 24 қазан, сағат 18:00.

Турнир директоры: FA Ashirova Alma, ID 13718746
Бас төреші: FA Zhuparkhan Dosbolat, ID 13707663
Байланыс телефоны: +7 (778) 646-22-44
Ресми сайт: www.chessacademy.kz
Instagram: @chessacademy.zhezkazgan