Новости

Жансая Абдумалик шахмат Академиясының оқушысы, 10 жасар Данис Қуандықұлы әлем чемпионы атанды!

2023 жылғы 16-26 қазан аралығында Шарм-эль-Шейх қаласында (Египет) "8, 10 және 12 жасқа дейінгі" жас санаттарында шахматтан әлем чемпионаты өтті. Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты жас шахматшылар үшін негізгі және ең беделді жарыс болып табылады.

Жансая Абдумалик шахмат Академиясының "Спец" тобының оқушысы, Данис Қуандықұлы "10 жасқа дейін" жас санатында өнер көрсетті. 11 турдың қорытындысы бойынша Данис 9 ұпай жинап, 7 жеңіске жетіп, 4 рет тең ойнады, бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ!

Данис Қуандықұлының жетістігі қазақстандық шахмат үшін тарихи болып табылады, өйткені ұлдар мұндай деңгейдегі жарыстарда ешқашан әлем чемпионы атанған емес. Қорытынды кестеде Данис АҚШ, Ресей және Қытайдан келген ең мықты шахматшылардан асып түсті.

Данис Академияда 5 жасынан бастап оқиды, спорт шеберіне кандидат (КМС), өзінің жас санатында Алматы мен Қазақстанның қазіргі чемпионы болып табылады.

Данис, оның ата-анасы және жаттықтырушысы Кашашвили Александр Павловичті әлем чемпионатының алтын медалімен құттықтаймыз! Данис Қазақстандық шахмат тарихына мәңгілікке енді 🇰🇿