Испанияда жасөспірімдер арасындағы FIDE әлем чемпионаты (FIDE World U7–U17 Chess Championships 2026) мәресіне жетті. Академиямыздың тәрбиеленушілері фантастикалық нәтиже көрсетіп, ел қоржынына үш жүлде салды! 🏆🔥
🥇 Данис Қуандықұлы – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы! Халықаралық шебер Данис Қуандықұлы 13 жасқа дейінгі санатта бірде-бір рет жеңілмей, алтын медаль жеңіп алды: 🔥 Нәтижесі: 11-ден 10,5 ұпай (10 жеңіс, 1 тең ойын) және екінші орыннан 1,5 ұпай басымдық! 🔥 Перформанс – 2618 және FIDE рейтингісіне +19,6 пункт! Академияда 5 жасынан жаттығатын Данис бұған дейін 2023 жылы (Мысыр, U10) және 2025 жылы (Алматы, U12) әлем шыңын бағындырған. Бапкерлері – халықаралық гроссмейстерлер Ильдар Хайруллин, Александр Кашашвили және Карен Григорян.
🥇 Макар Чернышов – 7 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы! Макар жарысты 14-ші нөмірмен бастап, қатарынан 8 партияда жеңілмей, шешуші 11-ші турда бірінші тақтада Вьетнам өкілін тізе бүктірді: ⭐️ Нәтижесі: 11-ден 9 ұпай (8 жеңіс, 2 тең ойын); ⭐️ FIDE рейтингісіне бір турнирде рекордтық +125,2 пункт қосты! Жеке бапкері – FIDE жаттықтырушысы Седрак Матевосян. Бұл – Академия шәкірттерінің 7 жасқа дейінгі әлем чемпионаттарындағы төртінші алтыны: Димаш Тулендинов (2018), Малика Зиядин (2022, екі алтын) және Макар Чернышов (2026)! 🏛️🥇
🥉 Мария Холявко – 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері! Әйелдер арасындағы халықаралық шебер Мария Холявко 15 жаста болғанына қарамастан, 17 жасқа дейінгі қыздар санатында табысты өнер көрсетті. Соңғы 4 турда қатарынан 4 жеңіске жетіп, 11-ден 8,5 ұпаймен (8 жеңіс, 1 тең ойын) таза 3-ші орынды иеленді! ♟️💪 Мария – әр турнирден жүлдемен қуантатын Академиямыздың ең атақты шәкірттерінің бірі. Жеке тәлімгері – халықаралық гроссмейстер Ильдар Хайруллин.
Данисті, Макарды, Марияны, ата-аналары мен бапкерлерін тарихи жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттерімізбен мақтанамыз және жаңа биік белестерді бағындыруды тілейміз! 🚀👏🇰🇿